Зеленский тағы да елді елең еткізерлік мәлімдеме жасады

Украина президенті Владимир Зеленский «Ресей әскері Украинада химиялық қару қолдануы мүмкін» деп отыр. Бұл туралы ол кезекті жолдауында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей тарапы химиялық қарудың Мариупольді қорғаушыларға қарсы қолданылғалы жатыр. Ал бұл қаланы 7 аптадан бері Ресей күштері қоршап тұр.

 «Бізге басқыншылар жақтан террордың жаңа кезеңіне дайындық жасалып жатқаны туралы суыт хабар жетті. Осы мәліметті бізге жаулаушы жақтың бір адамы айтты. Біз осы ақпаратта аса мән беріп отырмыз. Бұл ретте әлем көшбасшылары Ресей әскері бұған дейін де химиялық қару қолдану мүмкіндігін талқылағанын еске салғым келіп отыр. Сондықтан Кремль басқыншылығына қарсы жауап қатал әрі тез арада жасалуы керек деп санаймын», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі «Ресей бұдан былай Украинадағы әскери операциясын келіссөздер кезінде тоқтатпайды» деген болатын.

Тағы оқи отырыңыз: «Ресей ауқымды операцияларға дайындалып жатыр» – Зеленский

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button