Жаңалықтар

Роман Абрамович уланып қалды деген дерек бар

ашық дереккөзі

Роман Абрамович уланып қалды деген дерек бар

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысқаннан кейін Роман Абрамовичтің денсаулығында улану белгілері байқалған деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті мәлімет таратты. Америкалық басылым ресейлік миллиардердің наурыз айының 3-інен 4-іне қараған түні Ресей мен Украина арасында болған келіссөзге қатысқаннан кейін денсаулығында улану белгілері пайда болғанын хабарлады. Сонымен бірге кездесуге қатысқан тағы 2 адам улануға байланысты шағым түсірген. Улану белгілерінде көздің қызаруы, бет және қолдағы терінің түлеуінің сипаттары пайда болған. Тағы оқи отырыңыз: Ресейдің саясатымен келіспеген Өзбекстан министрі ауруханаға түсті