Жаңалықтар

Әділет министрі Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

ашық дереккөзі

Әділет министрі Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Мәжіліс кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин БАҚ өкілдерінің Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталуына қатысты сауалына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. «Қателеспесем, «Тұңғыш Президент туралы» Заңда Тұңғыш Президентті, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындығы айтылған. Яғни, айып тағуға болмайды. Ал айып тағу үшін тергеуге тыйым жоқ»,- деді министр. Cондай-ақ ол «Тұңғыш Президенттің туыстары қамауға алынуы мүмкін бе?» деген сұраққа да жауап бере кетті.  «Бұл тұлғаларды ұстауға және тұтқындауға болмайды. Оған заң тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қоюға және жауап алуға тыйым жоқ»,- деді Қанат Мусин. Тағы оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалдының Алматы облысында заңсыз салынған вилласы табылды (ФОТО)