Дубайда жүрген Димаш қызыл кілемге әжелерін ертіп шықты

Дубайда жүрген Димаш қызыл кілемге әжелерін ертіп шықты

Дубайда жүрген Димаш қызыл кілемге әжелерін ертіп шықты
ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен EMIGALA Fashion Awards сән шарасында марапат алды деп хабарлады turkystan.kz  Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. Burj Al Arab отелінде өткен EMIGALA Fashion Awards сән шарасында Димаш Emigala international Award марапатына ие болды.

«Димаш Құдайберген қызыл кілемге әжелері Миуа мен Бибігүлді, EMIGALA Fashion Awards сән шарасының директоры доктор Мишель Дахерді ертіп шықты. Халықаралық деңгейдегі әнші ретінде Димашқа Emigala international Award марапаты табысталды. Ол бұл марапатты бала кезінде өзін музыкаға баулығаны үшін Миуа әжесіне арнайтынын айтты» деп жазылған хабарламада.
  Тағы оқи отырыңыз: Димаш қысымға ұшыраған ресейлік мәнерлеп сырғанаушыға қолдау көрсетті