Қайрат Сатыбалдыұлының әйелінің ісіне қатысты тың дерек шықты
Қайрат Сатыбалдыұлының әйелінің ісіне қатысты тың дерек шықты
Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша басқа да деректер ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
«2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г.К. Сатыбалдыға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген сот таратқан хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі неге ұсталғаны белгілі болды