Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі неге ұсталғаны белгілі болды

Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі неге ұсталғаны белгілі болды

Қайрат Сатыбалдыұлының әйелі неге ұсталғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы зайыбы да күдікке ілінді деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы зайыбы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.
Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, екі айға қамалды.