Атырау облысы әкімінің орынбасары кінәсіз болып шықты
Атырау облысы әкімінің орынбасары кінәсіз болып шықты
Бұл туралы turkystan.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлекке сілтеме жасап хабарлады.
«Атырау қаласы №2 сотының үкімімен облыс әкімінің орынбасары Кайрат Нурлыбаев қылмыстық құқықбұзушылық болмауына байланысты ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабы, 1 бөлігінің 1-тармағы негізінде ақталды» деп жазды Ержан Төлек.
Еске сала кетсек, Қайрат Есқабылұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес айып тағылып, субсидияны заңсыз бөлді деген айып тағылған еді. Бірақ, кінәсі дәлелденбегендіктен, ол ақталып шықты.
Тағы оқи отырыңыз: Атырауда қаптаған қытайлар ұсталды (ВИДЕО)