Атырауда қаптаған қытайлар ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда қаптаған қытайлар ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда қаптаған қытайлар ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырауда қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел операциясы кезінде мерзімі өтіп кеткен визамен жүрген 120 Қытай азаматын анықтады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қытай азаматтары қала аумағында орналасқан Қытай компаниясы филиалының бірінде визаларының мерзімі өтіп кетсе де жұмыс істеген. Жалпы, «Мигрант» жедел операциясы кезінде еліміздің түкпір-түкпірінде заңсыз еңбек етіп жүрген шетелдіктер көптеп анықталып жатыр. Мысалы, біз сөз етіп отырған Атырауда Өзбекстаннан келген 30 азаматтың құрылыс алаңдарында рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені белгілі болды. Сондай-ақ  Шымкентте заңсыз қызмет еткен 24 шетелдік анықталса, Түркістан облысының аумағынан 12 шетел азаматы шығарылды.