Жаңалықтар

Шекарадан майнинг құрылғыларын өткізбек болғандар ұсталды

ашық дереккөзі

Шекарадан майнинг құрылғыларын өткізбек болғандар ұсталды

Ақтөбе облысында майнингке арналған құрылғыларды әкетпек болғандар ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.  «Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінд­е Ресей Федерациясына бара жатқан DAF маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ, саны 813 қорап қоректендіру кабельдері бар «Avalon» майнинг жабдығы табылды» деп жазылған хабарламада. Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңге. Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды. Тағы оқи отырыңыз: Назарбаев пен Нығматулин заңсыз майнингпен айналысып келген