Жаңалықтар

Рудныйлық тұрғын көршісін баласымен қоса өртеп жіберді

ашық дереккөзі

Рудныйлық тұрғын көршісін баласымен қоса өртеп жіберді

16 наурызда Қостанай облысының Рудный қаласында тұратын 44 жастағы ер адам көршілерінің үйіне барып, қолында 4 жасар баласы бар 32 жастағы әйелге керосин шашып, өртеп жіберген деп жазды turkystan.kz. Аталған факті бойынша полицейлер «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Бала ауыр күйікпен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денесінің 40%-ын күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. Ал әйелдің қолы күйіп қалған. Бұл әрекетке көршілер арасындағы кикілжің себеп болған. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков мәлімдеді. «Бірнеше жыл бойы полицияда жұмыс істеп, түрлі жағдайды көрдім. Бірақ бұл оқиға қатты таңғалдырды. Бала денесінің 40 пайыздан астамын күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Достар! Бәріміз көршіміз, туыспыз, таныспыз, әріптеспіз. Түптеп келгенде, жерлеспіз. Біз ортақ ортада өмір сүріп жатырмыз және соны ұмытпау керек» деп жазды Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде. Тағы оқи отырыңыз: Рудныйдағы балалар үйінің психологына оқушыны зорлады деген айып тағылды