Рудныйдағы балалар үйінің психологына оқушыны зорлады деген айып тағылды

Рудныйдағы балалар үйінің психологына оқушыны зорлады деген айып тағылды

Рудныйдағы балалар үйінің психологына оқушыны зорлады деген айып тағылды
ашық дереккөзі
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты педагог-психологқа қатысты қылмыстық істі қарайды. Оған балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деп айып тағылып отыр деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, жәбірленуші Рудныйдағы балалар үйінен шыққаннан кейін араға екі апта салып, полицияға арыз жазған. ТоболИнфоның хабарлауынша, қазір жәбірленуші колледжде оқиды. «Не Молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, жасөспірім қыз екі жыл бойы зорлық-зомбылық көрген. Ол мұғалімнің ДНҚ-сын жинау арқылы зорлау фактісін дәлелдей алған. Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы («Зорлау») бойынша айып тағылды. Процесс жабық есік жағдайында өтеді. Күдікті балалар үйінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Оған дейін ол «Қара бүркіт» өмір бойына бас бостандығынан айыру колониясында психолог қызметін атқарған. Еске сала кетсек, 2021 жылдың тамыз айында Рудныйда балалар үйінің қызметкері мекеменің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.