Жаңалықтар

Итті таптап өткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Итті таптап өткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Алматы көшелерінің бірінде итті басып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Көлік иттің аяқтарын жаншып өткен. «Тексерістің барысы мен жүргізілуі Алматы қалалық Полиция департаментінің бақылауына алынды» деп жазды департамент бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасына.