Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған адам жазаланады

Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған адам жазаланады

Ақтөбеде мысыққа пышақ сұғып алған адам жазаланады
ашық дереккөзі
7 наурызда №2 қалалық полиция бөліміне скоттиш-страйт тұқымды мысықтың иесі арыз айтып келген деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, белгісіз адам мысығына пышақ сұғып алған. Учаскелік полиция инспекторы аталған оқиғаға қатысы бар Хромтау ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол масаң күйде болғандықтан, мысыққа еш себепсіз пышақ жарақатын салғанын айтқан. Сол себепті ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі («Жануарларға қатыгездік көрсету»)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 120 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, болмаса 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді. Тағы оқи отырыңыз: Спортшылар түгілі, ресейлік мысықтар да санкцияға ұшырады