Автобус жүргізушісі жарымжан жанды қағып, қашып кетті
2022 жылдың ақпан айында Павлодар облысына қарасты Жетекші кентінде Ankai маркалы автобустың 59 жастағы жүргізушісі 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Салдарынан екінші топтағы мүгедек ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бейнекамералардан жазбалар зерттелді. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 59 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады», - деді департамент өкілі.
Құрықталған ер адам жауапкершіліктен қорыққанын айтқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тағы оқи отырыңыз: Павлодар облысында мектеп оқушысы есінен танғанша соққыға жығылған