Жаңалықтар

Анасын қорғап қалған бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Анасын қорғап қалған бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде анасын «қатыгез әкеден» қорғаған баланың видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz. Қатыгез әке образындағы отағасы зайыбын ұрып жатқандай кейіп танытқан. Ал баланың анасы болса, өтірік жылаған. Мұны көрген ұл бала шешесіне келіп, ауырсынған тұсын ұстайды. Әкесі әлгі әрекетін қайталағанда балақай қарап қалмайды. Әкесінің беті мен басынан төпелейді. Анасына жақындап, қамқорлық танытады. Интернет қолданушылары бұл жайтқа қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр. «Бұл дұрыс емес. Ата-ананы бірдей сүюді, құрметтеуді үйрену керек», «Балаға бала деп емес, болашағым деп қараған жөн», «Осындай қорған болатын палуан бізге де бұйырса екен» деп жазды олар.