«Тірі қалса екен»: Оралда анасы 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды (ВИДЕО)

«Тірі қалса екен»: Оралда анасы 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды (ВИДЕО)

«Тірі қалса екен»: Оралда анасы 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оралда дәрігерлер 9 айлық қыздың өмірі үшін арпалысып жатыр. Анасы қызын эскалатордан құлатып алған деп хабарлады turkystan.kz Бейнежазбадан әйелдің баласын ұстап, эскалатормен жоғарғы қабатқа көтеріліп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте бала анасының қолынан шығып кетіп, төменге құлаған. Көпшілік оқиғаның көз алдында болғанын жазды.
«Жүрегім әлі ауырып тұр. Баланың басы ісіп кеткен, жерде жатты. Төменгі қабатқа құлап кетті. Тірі қалды деп үміттенемін және дұға етемін. Біреудің кішкентай ханшайымы ғой» деп жазды бір оқырман.
Денсаулық сақтау басқармасы 13 наурызда Asia Mall сауда орталығынан хабар келіп түскенін мәлімдеді.
«Тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті. Зардап шеккен бала қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы, қан құйылу диагнозы қойылды. Жағдайы өте ауыр, қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
БҚО Полиция департаментіндегілер баланы 35 жастағы әйелдің бірінші және екінші қабат аралығында құлатып алғанын айтты. Бұл дерек бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелген. Тексеріс жүріп жатыр.