Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 11 наурыз күні сағат 06.30-да автобустың өртенгені туралы хабар түскен. Көлікте жолаушылар болмаған. Өрт таңғы сағат 06:44-те сөндірілді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аспаптар панеліндегі қысқа тұйықталудың кесірінен тұтанған болуы мүмкін.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өртенген автобус жап-жаңа болған.
Тағы оқи отырыңыздар: 40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ автобус жүреді