Жаңалықтар

«Сіздерге бәрібір!»: қазақ футболшылары сапалы стадионда ойнағысы келеді

ашық дереккөзі

«Сіздерге бәрібір!»: қазақ футболшылары сапалы стадионда ойнағысы келеді

Кейінгі кезде қазақ футболының жай-күйі жиі айтылып жүр. Тіпті футболшылардың өздері де ойын алаңдарының сапасы жайлы ашық айта бастады деп хабарлады turkystan.kz. Күні кеше сапасы жағынан Қазақстандағы үздік 5 стадионның бірі саналып келген Тараз қаласындағы Орталық стадионда жергілікті клуб пен «Ордабасы» командасы арасында матч өтті. Кездесуде 1:0 есебімен «Тараз» ФК жеңіске жетті. Қонақтардың қақпашысы ойыннан кейін стадионның сапасына шағымданды. «Біздің стадиондар үшін ұяламын. ҚПЛ ойындарын мынадай алаңда өткізуге кім рұқсат беріп жүр? Ұят қой! Футболшылар ойын мен тактикадан бұрын, құлап қалмауды ойлап жүреді. Мұны сезбейсіздер, өйткені сіздерге бәрібір», - деді «Ордабасы» ФК қақпашысы Бекхан Шайзада.