Мбаппеге футбол тарихындағы рекордтық жалақы ұсынылды

Мбаппеге футбол тарихындағы рекордтық жалақы ұсынылды

Мбаппеге футбол тарихындағы рекордтық жалақы ұсынылды
ашық дереккөзі
Франциялық «ПСЖ» клубы шабуылшы Килиан Мбаппеге футбол тарихындағы рекордтық жалақыны ұсынды деп жазды turkystan.kz Independent порталына сілтеме жасап. Париждік команда 23 жастағы футболшыға жылына 100 миллион еуро айлық беруге дайын. Бұл - әлем футболы тарихындағы рекордтық жалақы. Осыған дейін БАҚ Килиан Мбаппенің «Реал» сапына ауысатынын жазған болатын. Қазір Transfermarkt порталы бұл футболшыны 160 миллион еуроға бағалап отыр. Бірақ оның ПСЖ командасымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Сол үшін ол мадридтік командаға тегін ауысып кетуі мүмкін. Айта кетсек, биылғы маусымда Мбаппе 34 ойынға қатысып, 24 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.