Жаңалықтар

5 жұлдызды Rixos Aktau қонақүйі 76,2 млн айыппұл арқалады

ашық дереккөзі

5 жұлдызды Rixos Aktau қонақүйі 76,2 млн айыппұл арқалады

Маңғыстау облысының Экология департаменті сарқынды суын Қаракөл көлі мен Каспий теңізіне төккен Rixos Aktau қонақүйін жоспардан тыс тексерді. Тексеріс қорытындысына сәйкес, туристік нысанға 76 миллион 245 мың теңге айыппұл салынды деп жазды turkystan.kz. Тексеру жұмыстарына «Жайық Каспий бассейндік инспекциясы» РММ, облыстық Балық инспекциясы басқармасы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері тартылған. Сөйтіп, Aktau tourism city ltd компаниясы өңірлік филиалының Каспий теңізі мен Қаракөл көліне сарқынды суларды ағызу фактісі бойынша экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны анықталды. Компания өкілдері сарқынды суларға биологиялық тазарту жұмыстарын жүргізбеген. Сол күйі оны жақын маңдағы су айдындарына ағызып отырған.