Қазақстанда әуе билеттерінің бағасы қымбаттады
Елімізде әуе билеттерінің бағасы 18 процентке қымбаттады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында - 45,7%, Маңғыстауда - 43,2% және Түркістан облысында - 34,8%-ке өскен. Тек Ақмола мен Солтүстік Қазақстан өңірлерінде ғана баға бірқалыпты. Ал Павлодар және Жамбыл облыстарында ұшақ билеттерінің құны бұрынғыдан арзандаған.
Тағы оқи отырыңыз: Желі қолданушылары Қостанай әуежайындағы баспалдаққа бас қатырып жатыр (ФОТО)