Желі қолданушылары Қостанай әуежайындағы баспалдаққа бас қатырып жатыр (ФОТО)

Желі қолданушылары Қостанай әуежайындағы баспалдаққа бас қатырып жатыр (ФОТО)

Желі қолданушылары Қостанай әуежайындағы баспалдаққа бас қатырып жатыр (ФОТО)
ашық дереккөзі
Интернетте әуежай ішіндегі баспалдақтың тұтас қабырғаға жапсарлас салынған фотосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Фотода төменнен басталған баспалдақтың қабырғаның биік тұсына дейін созыла салынғанын көре аласыз. Бірақ қабырғамен жанасқан тұста есік те, есіктің орны да байқалмайды. Осыған байланысты әуежай қызметкерлері түсінік берді.
«Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ дәл қазір онда есіктер тұр. Жұмыс жоспарлы режимде жүріп жатыр», - деді Қостанай халықаралық әуежайының өндірістік-диспетчерлік қызметінің бастығы Александр Андреев.
Әуежай қызметкерлері жолдаған фотода баспалдақ та, есік те өз орнында тұр. Соған қарағанда итнтернетте тараған фото жөндеу жұмыстары кезінде түсірілген болса керек. Ал әлеуметтік желі қолданушылары фотодағы көріністі әлі талқылап жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Қостанайлық журналист Неке сарайын мешітке айналдыруды ұсынды