«Аллаhy Акбар!»: шешендер Украинаға қарсы соғысқа әскерін жасақтап жатыр (ВИДЕО)

«Аллаhy Акбар!»: шешендер Украинаға қарсы соғысқа әскерін жасақтап жатыр (ВИДЕО)

«Аллаhy Акбар!»: шешендер Украинаға қарсы соғысқа әскерін жасақтап жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Қазір Шешенстан астанасының орталығында облыс қарулы күштері өкілдерінің ауқымды жасақталуы өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz chechnyatoday басылымына сілтеме жасап. Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың айтуынша, бұл - кез келген уақытта, кез келген арнайы операцияға кетуге дайын еріктілер. Сонымен қатар ол шешен жауынгерлерінің өз Отанын қорғауға дайындығын көрсету үшін барлығын жинағанын атап өтті.  

«Біз ешкімді тастамаймыз. Біздің қызметкерлер өз объектілерінде Жоғарғы Бас қолбасшының алдына қойылған міндеттерді орындайды. Біз бүгін жиналып отырмыз. Олар - кез келген уақытта біздің мемлекетімізді, халқымызды қорғау үшін кез келген арнайы операцияға, кез келген аумаққа баруға дайын еріктілер», - деді Қадыров.
Тағы оқи отырыңыз: «Алла қаласа, бір-екі минутта жетеміз»: Украинаны бетке алған шешендер намаз оқып отыр