Қазақстандық танымал әнші екінші рет шаңырақ көтерді

Белгілі болғандай, Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен.

Қазақстандық танымал әнші екінші рет шаңырақ көтерді
Instagram/serikbol_sailaubek

Танымал эстрада әншісі Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді. Өнер иесі үйлену тойын күні кеше дүркіретіп өткізді.  

Серікбол Сайлаубектің отбасын құрғанын белгілі отандық асаба Руслан Искаков мәлім етті. Ол Instаgram-дағы парақшасында үйлену тойдан видеолар жариялады.

Әншінің қуанышына тек ет-жақындары мен өнердегі достары ортақтасып келген. Танымал тұлғалар арасында Сәкен Мағазиев, Ермек Меденов, Ахметжан Есімов және т.б бар.

Белгілі болғандай, Серікбол Сайлаубектің таңдауы Назкен есімді аруға түскен.