Жаңалықтар

«Ештеңе жоқ!»: велосаяхатшы министрліктің жұмысын сынға алды

ашық дереккөзі

«Ештеңе жоқ!»: велосаяхатшы министрліктің жұмысын сынға алды

Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы талқыланған алқа мәжілісінде велосаяхатшы Дамир Көшеев мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстарды сынға алды деп хабарлады turkystan.kz. «2021 жылдың қазанында мен велосипедпен Алматы-Өскемен-Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағыттарын жүріп өттім. Сол кезде жолдарда ештеңе жоғына көзім жетті. Дәретхана да, жол да, қызмет көрсету орындары да жоқ. Мәдениет және спорт министрлігі «ҚазАвтоЖол» сияқты ұлттық операторлармен ақылдаса отырып, неге бірге жұмыс істемейді?» - деді Дамир Көшеев. Ол негізгі инфрақұрылымдық мәселелер әлі де өзекті екенін айтты. «Адамдар Түркияға, Кореяға, Еуропаға неге барғысы келеді? Өйткені, онда қызмет бар, ал бізде жоқ. Елді аралап шықтым, ештеңе жоқ деп айта аламын», - деді велосаяхатшы. Айта кетсек, елдегі туризмнің жай-күйі талқыланған отырысқа Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бастаған шенеуніктер де қатысты. Тағы оқи отырыңыз: Қызылордалықтар балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге ақша жинап жатыр