Жаңалықтар

Көлікте тірідей өртеніп кеткен үш баланың әкесі ауруханада көз жұмды

ашық дереккөзі

Көлікте тірідей өртеніп кеткен үш баланың әкесі ауруханада көз жұмды

Ақтөбеде үш баланы жалмаған сұмдық апат тағы бір өмірді қиды. Сәбилердің әкесі ауруханада қайтыс болды деп жазды turkystan.kz. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілген ер адамның жарақаттары тым ауыр болған. «Науқасқа бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң иықтың ашық сынуы, оң жамбастың сынуы, сирақтың екі сүйегінің сынуы, 2, 3 және 4 дәрежелі шок диагнозы қойылды. Екі жағынан қабырғалары сынған. Шокқа қарсы жүргізілген іс-шараларға қарамастан, 8 сағаттан кейін емделушінің жүрегі тоқтады», - деді Ақтөбе жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Жақия Байзуллин. Естеріңізге сала кетсек, апат өткен сенбі күні Ақтөбе айналма жолында болған. Оқиға орнында үш бала қайтыс болды. Олардың әкесі түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен-ді.