Ақтөбе облысында бір үйдің үш баласы тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында бір үйдің үш баласы тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында бір үйдің үш баласы тірідей жанып кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбе маңында Lada Largus көлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Жантүршігерлік оқиға кезінде 2007, 2009 және 2021 жылы туған үш бала қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Соқтығыстан кейін көлік отқа оранған. Ал көлік ішінде қалған балалар тірідей жанып кеткен. Абырой болғанда, олармен бірге болған әкесі аман қалған. Түрлі дене жарақатын алған ол қазір ауруханада жатыр.
«Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі басып озуға арналған жолақтың бос екеніне көз жеткізбей, DAF (жүк көлігі) көлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін Lada Largus арыққа түсіп кетіп, кейін өрт шыққан», - деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.
 width= Полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау керектігін ескертті.