Жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованы күйеуі туған күнге жібермей қойды

ашық дереккөзі

Мәдина Сәдуақасованы күйеуі туған күнге жібермей қойды

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова әріптесі Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында ұйымдастырған туған күніне бара алмайтынына қынжылыс білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, туған күн кешіне әншінің күйеуі жібермей қойған. «Қайроштың туған күндері бір ерекше өтеді ғой. Енді бұл жолғы birthday - party Мальдивте, тіпті от болайын деп тұр! Бірақ мен Мальдивтегі 6 күндік тойға шақырту алып тұрып, баратыныма 90% сеніп тұрып, дайындала бастағанымда бармайтын болдым. Не в тему! Күйеуім жібермеді! Еще қатты тонмен бір-ақ сөз: Бармайсың!» -  деп жазды әнші әлеуметтік желіде.