Мәдина Сәдуақасова: Мен енді тағы мұндай қиындықтардан өте алмаймын

Мәдина Сәдуақасова: Мен енді тағы мұндай қиындықтардан өте алмаймын

Мәдина Сәдуақасова: Мен енді тағы мұндай қиындықтардан өте алмаймын
ашық дереккөзі
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова отбасылық өміріндегі кейбір сәттер жайлы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Соңғы кездері ешнәрсеге зауқым жоқ, көңіл күй де біресе былай, біресе былай құбылады, ән, фотоссесия , клип , интервью, Инстаграм түгілі, өмір түгіл «өзімді де білмеймін» болып жүрдім» дейді әнші. Мәдина бір ұлдан кейін тағы да перзент сүйгісі келіп дәрігерлер көмегіне жүгінген. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол өзі кез болған қиындықтар жайлы баяндады. «Шет жағасымен бөліскім келіп тұр сіздермен. Өмірімде сонша анализ тапсырып көрмеппін. Гормон, витамин, т.б , олардың миллион түрі бар екенін , шынымды айтсам осы жасқа келіп бірінші рет білдім. Дәрігер мамандардың та түрлісіне жолығады екенсің. Содан кейін препараттардың түр түрін күніге тоқтатпай салады 14 күн бойы. Жаным шықты демей-ақ қояйын, бірақ 9 ай құрсағыңда бала көтеріп , толғатып босанған оңайырақ екен. Аяғында ешқандай нәтиже шықпағанды біліп тіпті шашылады екенсің. Алладан тілеп, бұндай өте қиын жолмен перзентті дүниеге әкелген барлық аналарға , отбасыларға бас идім. Ал мен болсам енді тағы бұндай қиындықтардан өте алмаймын-ау, Аллам берген бір ұл Әнуарымыз аман болсын. Уақыт бар ғой әлі. Алла Тағала біздерге тағы перзент сүюді жазар. Ал мен есімді жиып жан жағыма қарап, жұмысқа кірісейін» деп жазды Мәдина Сәдуақасова.