Қанат Ислам келесі аптада чемпиондық белбеуге таласатын болды
Қанат Ислам келесі аптада чемпиондық белбеуге таласатын болды
Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Исламның кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.
Ол WBO Global белбеуі үшін ұлыбританиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасатын болды. Осылайша, 25 ақпанда Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтетін бокс кеші аясында рингке оралмақ. Бұл жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Бастапқыда бокс 21 қаңтарда өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 25 ақпанға шегеріліп отыр.
Тағы оқи отырыңыз: «Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойламайды да» – шетелдік сарапшы
Еске сала кетсек, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы чемпиондық атақты қорғамағаны үшін Қанат Исламнан WBO International белбеуін қайтарып алған болатын.