Қырғыз президенті базар аралады (ВИДЕО)

Қырғыз президенті базар аралады (ВИДЕО)

Қырғыз президенті базар аралады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Президент Садыр Жапаров астана әкімі Айбек Жүнушалиевпен бірге Ош базарына барып, саудагерлермен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz. Қырғыз Президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевтың айтуынша, жұмыс сапары бақылау-кассалық машиналарды орнатуға байланысты.

«Президент саудагерлермен жеке кездесіп, базар жұмысшыларымен бақылау-кассалық машиналары туралы сөйлесті», - деді Ербол Сұлтанбаев.
Садыр Жапаровтың бұған дейін «Дордой» базарында болғаны да белгілі болды. Базар кәсіпкерлері бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде орнатуға қарсылық білдіріп, митингілер өткізген болатын.