Ерекше күтімді қажет ететін балаларға интерактивті тақта сыйға тартылды

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға интерактивті тақта сыйға тартылды

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға интерактивті тақта сыйға тартылды
ашық дереккөзі

Атырау облыстық мәслихатының депутаты М.Абуовтың қабылдауына келген облыстық Балаларды оңалту орталығының директоры Бибігүл Жұмалиева заманауи интерактивті тақта алып беру жөнінде өтінішін жеткізді. Депутат М.Абуов ерекше балалардың қоғамға бейімделуіне қолдау танытып, денсаулығында ақауы бар балаларға да қазіргі технологияның жетістіктерін пайдалану мүмкіндігі жасалу керектігін атап айтты. Олардың қажетті деңгейде білім алуына қолұшын беру мақсатында бұл өтініштің шешілу жолдарын қарастырды. Сөйтіп, 100 бала тәрбиеленіп отырған орталыққа «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ-ның облыстық филиалы мен «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның Атырау магистральды газ құбырлары басқармасының атынан 600 мың теңгенің интерактивті тақтасы сыйға тартылды.