Депутат шекара асқан олигархтардан ұрланған ақшаны қайтаруды сұрады

Депутат шекара асқан олигархтардан ұрланған ақшаны қайтаруды сұрады

Депутат шекара асқан олигархтардан ұрланған ақшаны қайтаруды сұрады
ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Қаржы мониторингі агенттігінен қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде Қазақстаннан шет елге ірі көлемде қаржы аударылғаны туралы ақпаратты жария етуді сұрады, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Оның айтуынша, депутаттар он жыл бойы «Панама тізімі», «Парадис досье» сияқты Швейцария банктеріндегі қазақстандық есепшоттарға қатысты бірнеше рет сұрақтар қойған.

«Tax Justice Network халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 млрд доллар шығарылды. Бұл – бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең. Қазақстанның құқық қорғау органдары соңғы 5 жылда шет елге капиталды заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған. Алайда бұл жұмыстың қомақты соманы қайтару түріндегі нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз», - деді депутат Мәжіліс отырысында.
Оның айтуынша, қоғам қасіретті қаңтар кезінде ашық және жасырын олигархтардың Қазақстаннан жеке ұшақтарымен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шет елдегі есепшоттарға шұғыл түрде аударып алғанын талқылап жатыр.
«Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылғаны туралы ақпарат беруді; қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстаннан шет елдерге ірі ақша аударымдары, сондай-ақ мұндай операцияларды жөнелтушілер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ сомалар алынған шетелдік шоттардың иелері туралы ақпарат беруді сұрайды», - деді депутат.
Сондай-ақ ол ел үшін қиын сәтте өмірін Қазақстанмен байланыстырмағандар көлеңкелі капиталды алып кетті деген болжам айтты.
«Біз оларға қалаған жерінде тұруға мүмкіндік беруіміз керек. Бірақ, олардың ақшасы халықтан ұрланған болса, олар қайтарылып, біздің елде жұмыс істеуі керек. Сондықтан мұндай күмәнді операциялар болған жағдайда салық органдарынан растауды сұраймыз», - деп қорытындылады сөзін Мәжіліс депутаты.