Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқына» қорына 500 млн теңге аудартты

ашық дереккөзі

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқына» қорына 500 млн теңге аудартты

Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге аударатын болды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін «Қазақмыс», KAZ Minerals компанияларының өзі-ақ аталған қорға 25 миллиард теңге аударғанын жазған болатынбыз... Еске сала кетсек, «Қазақстан халқына» қорына бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері біркүндік жалақыларын аударған болатын. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ондайға қатаң тыйым салды. Өйткені қорға тек дәулетті кәсіпкерлер ғана ақша аударуы шарт.