«Қазақмыс» пен KAZ Minerals қорға 25 млрд теңге аударды

«Қазақмыс» пен KAZ Minerals қорға 25 млрд теңге аударды

«Қазақмыс» пен KAZ Minerals қорға 25 млрд теңге аударды
ашық дереккөзі
Елімізде мыс өндірумен айналысатын ірі компаниялар әлеуметтік мәселелерді шешуде қазақстандықтарды қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Осы орайда, «Қазақмыс» корпорациясы мен KAZ Minerals компаниясы «Қазақстан халқына» қорына 25 млрд теңге аударды, деп жазды turkystan.kz. Қос компанияның басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдайтындықтарын хабарлады.
«2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген «Қазақмыс» пен KAZ Minerals компаниялары әлеуметтік мәселелерді шешуде Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын», - делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, қаңтар айының басында «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері басшылыққа жалақыны көтеру туралы талап қойған болатын. 21 қаңтарда басшылық бұл мақсатқа 100 миллиард теңге бағыттайтынын мәлімдеді. Сөйтіп, жыл басында компания қызметкерлерінің барлық санаттарының жалақысы орта есеппен 30-35 пайызға өсті.