Жаңалықтар

Қуат Хамитовтың анасы ұлын қалай ұстап әкеткенін айтты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Қуат Хамитовтың анасы ұлын қалай ұстап әкеткенін айтты (ВИДЕО)

Бүгін аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың қамауға алынғаны белгілі болды, деп жазды turkystan.kz.  Спортшының анасының айтуынша, ұлын сағат 13:15 шамасында ұстап әкеткен.  «Сағат 13:15 шамасында, мен намаз оқып жатқанда, үйімізге бетперде киген он ОМОН кіріп келді. Баламды тепкілеп, аяқ-қолын байлап, үйден алып кетті. Менің ұлым тіпті оларға қарсылық көрсетпеді», - деді ол. Оның айтуынша, үйде Қуаттың әкесі мен туысы да болған. Бірақ, оларды қабырғаға тақап, қарумен қорқытқан.