ҰҚК-де қандай ауыс-түйіс болды?
ҰҚК-де қандай ауыс-түйіс болды?
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп жазды turkystan.kz Ақорда-ға сілтеме жасап.
Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
Аcқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;
Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Біз бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.