Жаңалықтар

Аяз атаны қуған баланы министр құттықтады

ашық дереккөзі

Аяз атаны қуған баланы министр құттықтады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Аяз атаның артынан жүгірген мектеп оқушысын Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Әлеуметтік желілерде таралған видео кейіпкері Алтай қаласы №6 орта мектептің 3-сынып оқушысы Головень Дмитрий екен. Асхат Аймағамбетов оған хат жолдап, онда оқушының жыл бойы 4 пен 5 алғанын, үлгілі оқығанын жазды.