«Тоқта!»: Аяз атаның артынан қуған баланың видеосы тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Аяз ата шанасының артынан жүгірген баланың видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, бейнеролик Шығыс Қазақстан облысының Алтай өңірінде  түсірілген. Желі қолданушылары 9 жасар балақайдың  ертегі кейіпкерін бар ынта-ықыласымен  тоқтатқысы келгеніне риза болғандарын жазуда. Әлеуметтік желіде тоқтамай пікір қалдырып, Аяз атаны қуып жеткеніне үміттенгендер көп. Кейбірі өзінің балалық шағын еске түсірсе, кейбірі жүрек тебірентер видеоны көріп,  көзіне жас алғандарын жеткізген.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button