Владимир Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел (ВИДЕО)

Владимир Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел (ВИДЕО)

Владимир Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Дәл қазір Ресей президентінің жыл сайынғы баспасөз мәслихаты өтіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Баспасөз жиынына қатысқан Qazaqstan телеарнасының тілшісі Индира Бекайдар Владимир Путиннен Қазақстанға мемлекеттік сапармен қашан келетінін және екі ел арасындағы байланыстар жайлы сұрады. Президент Қазақстанның Ресей үшін ең жақын одақтас екенін, екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде жалғасып келе жатқанын айтты.  Әсіресе, экономикалық байланыстың орныққанын жеткізді.

- Бұдан бөлек, гуманитарлық байланыстарымыз да нығайып келеді. Қазақстан басшылығының орыс тіліне көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыс айтамын. Қазақстанда қанша адам орыс тілінде сөйлейтіні жайлы өзіңіз де білесіз ғой. Қазақстан - тура мағынасында айтқанда, орыс тілінде сөйлейтін ел. Онда орыс мектептері көбейіп келеді. Ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары да көптеп ашылған, - деді Владимир Путин.
Айта кетейік, Ресей президенті биыл Қазақстанға ресми сапармен келмек болған. Коронавирус індетінің таралуына байланысты жоспар орындалмай қалды. Бірақ біз жақында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен баратыны туралы хабарлаған едік.