Тоқаев Санкт-Петербургке барады

Тоқаев Санкт-Петербургке барады

Тоқаев Санкт-Петербургке барады
ашық дереккөзі
28 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады turkystan.kz.
«ТМД басшыларының Жаңа жыл қарсаңында өткізетін осындай форматтағы кездесуі дәстүрге айналды. Жиын барысында Достастық аясында атқарылған бірлескен жұмыстардың қорытындылары, көпжақты ықпалдастықты дамытудың перспективалары және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланбақ», - деп жазылған Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарламада.
Сонымен қатар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылуы мүмкін.