Не «Спутник V», не «QazVac» емес: ДДСҰ тағы бір вакцинаны мақұлдады

Не «Спутник V», не «QazVac» емес: ДДСҰ тағы бір вакцинаны мақұлдады

Не «Спутник V», не «QazVac» емес: ДДСҰ тағы бір вакцинаны мақұлдады
ашық дереккөзі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «Covovax» атты коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаны шұғыл түрде қолдануға рұқсат берді. Бұл - халықаралық ұйым мақұлдаған тоғызыншы вакцина, деп жазды turkystan.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап. Халықаралық ұйым бас директорының дәрі-дәрмектер мен денсаулық өнімдеріне қолжетімділік жөніндегі көмекшісі Марианджела Симаудың айтуынша, «Covovax» вакцинасын американдық «Novavax» компаниясының лицензиясы бойынша Үнді сарысу институты шығарады.

«Жаңа нұсқалардың пайда болуына қарамастан, вакциналар адамдарды «SARS-COV-2»-ден ауыр аурудан және өлімнен қорғаудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді», - деді Марианджела Симау.
Жаңа вакцина төмен және орташа кірісі бар елдерге «COVID-19» вакциналарын тегін алуға мүмкіндік беретін механизм – «Covax» портфолиосының бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Covovax» вакцинасы ұйымның коронавирустан қорғау стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті. Өйткені препараттың пайдасы кез келген қауіптен әлдеқайда жоғары.