Елордада өрттен аман қалу үшін қыз бала терезеден секіріп, оқиға куәгерлері оны видеоға түсіріп алған

2 қазан, 2021 / Гафура Асқарқызы
ашық дереккөзі
Елордада өрттен аман қалу үшін қыз бала терезеден секіріп, оқиға куәгерлері оны видеоға түсіріп алған Бұған дейін хабарлағанымыздай Нұр-Сұлтан қаласындағы«Астықжан» сауда орталығының жиһаз салонынан өрт шықты. Өрттен аман қалу үшін сауда үйінің жоғарғы қабатынан қыз бала секіріп түсті. Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, терезеден секірген қыз бала 2001 жылы туған, "Универсал" жиһаз цехында жұмыс істейді. Қазір ол елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Жағдайы қалыпты.
 
View this post on Instagram
 

Публикация от Астана | Нур-Султан (@eto_astana_detka)