Шымкент тұрғыны үйленгенін 16 жылдан кейін білген
Шымкент тұрғыны үйленгенін 16 жылдан кейін білген
Шымкент тұрғыны үйленгенін 16 жыл бойы білмеген. Ол тіпті заңды некеге тұрған әйелін танымайтынын айтады. Бұл туралы азамат Egov қосымшасынан кездейсоқ көріп қалған, деп хабарлайды Время газеті.
Смартфонына электрондық үкімет бағдарламасын орнатқан ер адам 2005 жылы Татьяна Васильевнамен некеге тұрғанын, тіпті әйел оның фамилиясын да алғанын білді. Бірақ Алексей Николаевич өзінің заңды жарымен таныс емес екенін және оған ешқашан үйленбегенін айтады. Енді бұл мәселемен Шымкент полицейлері айналысатын болады. Адвокат Евгений Яворскийдің айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет кездесіп тұрған жоқ.
“Жақында бізге еGov-та өз деректерін тексерген адам келді. Ол байқаусызда қайтыс болғаннан кейін донор ретінде ішкі ағзаларды беруге келісім бергенін көріп қалады. Бірақ ер адам ешқандай құжаттарға қол қоймағанын айтады. Алайда сайтта донор болуға келіскені туралы белгі пайда болған. Осы жағдаймен айналыса бастағаннан кейін үлкен шу шықты. Көптеген қазақстандықтар ерікті донорлыққа жазылмағанын білу үшін электрондық үкімет сайтына мақсатты түрде барғанын білемін”, – дейді адвокат.
Ал өзінің үйленгенін білгеннен кейін Алексей Белашов адвокатқа жүгінген.
“Бұндай іс бұрын-соңды болмаған. Бір жағынан күрделі болып тұр. Мені өзімсіз үйлендірді деп тұр. Бұл кез-келген тізімге белгі қою емес. Алексей Николаевич үйленбегенін, Татьяна Васильевна оның әйелі емес екенін айтып сендіріп отыр. Біздің бұл деректерді қайта тексеруге өкілеттілігіміз жоқ. Сондықтан полицияға арыздануға шешім қабылдадық”, – дейді адвокат Евгений Яровский.