16 жастағы қызға үйленген 31 жастағы жігіт бес жылға сотталуы мүмкін

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Эльвира Сурабалдиева Ыстықкөл облысы Жети-Огуз ауданында 16 жастағы қыздың 31 жастағы жігітке тұрмысқа шығуын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 

Бұның алдында адам құқықтарын қорғаушы Камил Рузиев тұрмыстағы қыздың тоғызыншы сыныпта оқитынын, оның үйленгенін мектептегілер білетінін айтқан. Олардың некесін қиған имам жұмыстан шығарылған.Ыстықкөл облысының ішкі істер басқармасы кәмелет жасқа толмаған қыздың жасы үлкен жігітке тұрмысқа шығуын тексеру мақсатында іс тіркеген.

Вице-премьер-министр Сурабалдиева Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияға, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, дін қызметкерлері арасында кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға болмайтыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуге кеңес берді.

2016 жылы Жогорку Кенеш кәмелет жасқа толмағандардың некесін қиюға тыйым салатын заң қабылдады. Заң ережесін бұзғандар үш жылдан бес жылға сотталады. Қырғызстанда 18 жастан асқанда ғана неке қидыруға рұқсат берілген.

Back to top button