Атырауда Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 торлы ау шығарылды. Облыстық экология департаменті Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының 29, 34-тармақтарын орындау мақсатында Жайық өзенін браконьерлік аудан тазартуды бастады. «Жол картасының 29-тармағында көрсетілгендей, Жайық өзенінің жағасында жұмыс істеп тұрған химиялық қоймалар мен басқа да ластағыштарды анықтау, түгендеу, іздестіру, жою жұмысын ұйымдастыру мақсат етілді. Сондай-ақ, 34-тармаққа сәйкес, Жайық өзенінің арнасын, оның салалары мен ағымдарын браконьерлік балық аулау құралдарынан тазарту жұмысын жүргізу. Іс-шара кезінде Жайық өзенінен браконьерлер құрған 12 аулау құралы шығарылды. Ауға шырматылған тірі балықтар өзенге кері жіберілді. Ал, өлген балықтар иесіз ау құралдарымен бірге жинап алынды» - деп хабарлады департамент өкілдері.
Жүктелуде...