Жаңалықтар

Қытайдың 21 вакцинасы клиника сынағынан өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Қытайдың 21 вакцинасы клиника сынағынан өтіп жатыр

Қазірдің өзінде Қытайда COVID-19-ға қарсы 21 вакцина клиника сынағы кезеңіне өтті, деп хабарлады ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ресми өкілі, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Осы уақытқа дейін covid-19-ға қарсы төрт вакцина нарыққа шығуға шартты түрде рұқсат алды, олардың үшеуі елде шұғыл пайдалануға рұқсат етілді, деді комиссия басшысының орынбасары Зенг Исин. Естеріңізге сала кетейік, жақында қытайдың CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілген еді.