ДДСҰ коронавирусқа қарсы жетінші вакцинаны мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Sinovac фармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19 вакцинасын шұғыл қолданылатын препараттар тізіміне енгізді. Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус сейсенбіде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Синьхуа агенттігі жариялаған ақпаратта ДДСҰ басшысы:«Мен коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасы қауіпсіз, тиімді және сапалы деп танылғаннан кейін шұғыл пайдалану үшін ДДСҰ тізіміне енгізілгенін қуана хабарлаймын», – деп түсіндірді.

ДДСҰ басшысы CoronaVac сақтау сапасына қойылатын қарапайым талаптарды да айта кетті.

CoronaVac вакцинасы – белсенді емес вакцина және оны Бейжіңде орналасқан Sinovac фармацевтика компаниясы шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қолдану үшін ДДСҰ тізімінде келесі препараттар бар: қытайлық Sinopharm және Sinovac компанияларының вакциналары, Janssen вакцинасы, америкалық Moderna компаниясының вакцинасы, AstraZeneca/Oxford вакцинасының екі нұсқасы және Pfizer/BioNTech жасаған вакцина.

Back to top button