37 градус ыстық: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің таратқан хабарламада өңірдің кей аймағында 37 градусқа дейін ыстық болып, өрт қаупінің сақталатыны ескертіліп отыр.

«Қазгидромет» республикалық коммуналдық кәсіпорны 3 маусымда дауылды ескерту жариялады. Соның негізінде 4 маусым күні Алматы облысының кейбір аумақтарында найзағай жарқылдайды. Шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ күндіз кей аймақтарда 37 градусқа дейін аптап ыстық болады және жоғары өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыстан соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді.

«Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылап, сақтық шараларын сақтауға шақырады» делінген ведомствоның хабарламасында.

Back to top button