Жаңалықтар

20 жыл бұрын жоғалтқан әмиянын тапты

ашық дереккөзі

20 жыл бұрын жоғалтқан әмиянын тапты

Шотландияның Локгелли қаласының тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалтқан әмиянына қол жеткізді. Оның әмиянды қайтарып алған хикаясын Daily Mail басылымы жариялады. 37 жастағы Райан Сеймур 2001 жылы Данфермлин қаласындағы пабқа барғанда ішінде 60 фунт стерлингі, пластикалық картасы және құжаттары бар әмиянын жоғалтып алады. Сеймур әмияны туралы мүлдем ұмытып кеткен, тек 2021 жылғы мамыр айының басында Facebook әлеуметтік желісі арқылы Джиллиан полиция қызметкері хабарласып, көп жыл бұрын жоғалтқан әмияны туралы сұрайды. Оқиға былай болған екен. Әмиянды сол жерден өтіп бара жатқан адам ағаш түбінен тауып алып, оны полицияға тапсырған. Бір таңғаларлығы, банк картасы, жұмысқа рұқсат қағазы мен жеке басын куәландыратын құжат сол күйі тұр, тек ішіндегі ақшасы жоғалған. «Өзіңнің жас кезіңдегі суретті көрген қызық екен», – дейді Сеймур. Сеймурды әмияннан видеокассетаны жалға алған карточканың табылғаны да қуантқан.